Payda хабары

Менде ип бар және маған ақша керек, бірақ "несие" алғым келмейді

Әлия жұмысқа келді. Ол ұлттық киім тігеді. Бірақ бүгін тыныш жұмыс істей алмады. Өйткені ойын «ақшаны қайдан алуға болады?» деген сұрақ мазалады.
 
Тұрақты клиенттері бар, бірақ ақшаны үнемі кешіктіріп береді. Ал Алияға салықты, көмекшінің жалақысын төлеп, мата сатып алу керек. Досының қалтасында бір-екі миллион теңге болуы екіталай. Сондықтан басқа жолды іздеу керек.
 
Осы ретте овердрафт алу мүмкіндігі бар. Клиенттер төлеген кезде банк түскен соманы шоттан автоматты түрде алады.
Себебі оның клиентті күткісі не ұрысқысы келмейді.  Ал жеткізуші төлемді асықтыруда, әйтпесе тауардың бағасы өседі. Ал соңғы 3 айда шотқа түсетін орташа түсім 2 млн теңгені құрады.
 
Овердрафт дегеніміз не?

Овердрафт компанияға бір рет ашылады. Ол банкке үнемі баруды қажет етпейді, операцияларды онлайн режимінде бақылайсыз. 

Овердрафт – бұл несие сияқты, бірақ шарттары жақсырақ. Банктың белгілі шарттары бар: несиенің максималды мөлшерін, пайызды, пайызсыз кезеңді (егер бар болса), кешіктірілген жағдайда айыппұл мен өсімпұлды алдын-ала белгілейді.

Мысалы: Әлия картада ақша жеткіліксіз болса да, мата сатып ала алады. Бірақ банк алдын-ала оның картасындағы овердрафтты расстауы керек. Ақша шотқа түскеннен кейін, банк шығынды өз пайдасына автоматты түрде есептейді.
 
Қазақстандағы екінші деңгейдегі жетекші банктердің ішінде тек жеті қаржы мекемесі овердрафт береді. Негізінде несиелеу шарттары бірдей, бірақ айырмашылықтар бар:
  • ең ұзақ мерзімге (12 айға дейін) көп транш несиесін тек ForteBank, Сбербанк, Jуsan Bank рәсімдейді;
  • транш беру мерзімі 28 күннен (Сбербанк) 45 күнге (АТФБанк) дейін түрленеді;
  • бірақ ШОБ арасында ең танымал қарыз 30 күнге беріледі (ForteBank, Jуsan Bank, ЦентрКредит Банкі және Еуразиялық банк);
  • ең төмен жылдық тиімді мөлшерлемені – 19,5% – тек ForteBank пен Халық банкі ұсынады;

Овердрафттың ерекшеліктері:
  •  Дебеттік карталар. 
Тек жалақы немесе төлемдер үнемі келіп тұратын адамға арналған. Бұл –банкқа овердрафт уақытында өтелетіні туралы кепілдік.

  • Мерзімі
Несие бірнеше жылға беріледі, ал несие картасы бойынша төлемдер бірнеше айға созылуы мүмкін.
Овердрафт бойынша қарыз тек бір ай ішінде ғана рұқсат етіледі. Екі ай болуы сирек кездеседі. Овердрафтты уақытында төлесе, оны қайтадан пайдалануға болады.
  • Сомасы
Овердрафт лимиті ешқашан тұрақты кіріс соммасынан екі есе аспайды.

  • Төлем мөлшері
Несиелік карта бойынша несие де, қарыз да әдетте төлем кестесіне сәйкес біртіндеп тең бөліктермен төленеді. Овердрафт автоматты түрде және толығымен бітеді. Шотқа ақша түскеннен кейін, банк бірінші кезекте овердрафттың барлық сомасын есептен шығарады.
  • Пайыз
Овердрафт бойынша пайыздар несиелерге қарағанда жоғары. Бірақ овердрафт тез өтелгесін, артық төлем аз болады. Кейде банктер қарызды 30 күнге дейін өтеуді ұсынады, сонда пайыздар есептелмейді.

Несие немесе овердрафт?

  • Кредит бір жолға үлкен сомма керек болғанда ыңғайлы. 
  • Қауіпсіздік үшін овердрафт тиімді. Егер ақшаны ұстамасаңыз, онда төлем алынбайды. 
  • Банк алдындағы қарызды уақытында өтеу туралы алаңдаудың қажеті жоқ. Овердрафт жалақы немесе басқа төлем шотқа түскеннен кейін автоматты түрде алынады.
  • Негізгі артықшылық – тіркеудің жеңілдігі.
  • Овердрафт өтінімін банк несиеге қарағанда тезірек қарайды. 
  • Мұнда кепіл қажет емес. Ең бастысы – кірісті растау.

Овердрафт кәсіпкер үшін сиқырлы таяқша сияқты. Біз оны сізбен таныстырдық. Әрі қарай әрекет етіңіз. 
Егер сұрақтарыңыз болса, сайтта өтініш қалдыра аласыз. Біз сізге тегін кеңес береміз. Бухгалтерлік қызметтерді ұсынамыз.

Made on
Tilda