Payda хабары

Көпбалалы отбасы аз салық төлейді

Мақалада «көпбалалы отбасыға қалай азырақ салық төлеп, көбірек айлық алуға болатынын» айтамыз. Көпбалалы ИП үшін ғана емес, қызметкер үшін де пайдалы болады.   Біз сізді қызықтырған сияқтымыз. Ақша ешқашан артық болмайды емес пе? 
Қазір азық-түлік қымбат, жол жүру ақылы, дәріні де ешкім тегін бермейді. Айлық біздің басты табыс көзімізге айналды. Ал жеңілдіктер туралы әр азамат білуі тиіс. Әсіресе, көпбалалы отбасы. 
Заңда  қандай жеңілдіктер бар?
Қазақстанда көпбалалы отбасы құрамында 4 және одан да бала болуы керек:
  • 18 жасқа дейінгі балалар;
  • 23 жасқа дейінгі студенттер.
Отбасында 4 бала бар: олардың бірі 18 жасқа толған, бірақ студент емес. Онда отбасы көпбалалы саналмайды. Сондай-ақ, «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңда әйелдерге мерзімнен бұрын зейнетке шығуға болады. Ол үшін:
  • 5 және одан да көп бала туып (асырап алып), оларды 8 жасқа дейін тәрбиелеуі тиіс. Олар 53 жасында зейнетке шыға алады.

ИПН мәселесі не болмақ?
         Алдымен: салық шегерімі дегеніміз не?
Салық шегерімі - жеке тұлғалардың кірістеріне салықты қайтару немесе оны төлемеу мүмкіндігі. 
Бұл дегеніміз: олардың табысынан сол сомада салық төленбейді. Яғни, отбасының табысы артады. 
Көп балалы отбасылар үшін салық шегерімі 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Бұл салық шегерімі көпбалалы отбасының:
  • бір ата-анасына ай сайын 23 АЕК. 
  • екі ата-анасы үшін ай сайын 12 АЕК.
Бірақ екі ата-анаға да жылына 282 АЕК-тен аспайтын мөлшерде.
Бұл дегеніміз: отбасының табысы артады. Егер ата-ананың біреуі ғана жұмыс істесе, онда шегерімнің ең жоғары мөлшері 67 091 теңгені құрайды. Жұмыс істейтін екі ата-анаға әрқайсысына 35 004 теңгеден шегерім қолжетімді. Бірақ ата-аналардың екеуіне де шегерім жылына 822 594 теңгеден аспауы тиіс. 

Made on
Tilda