Payda хабары

Сату көлемін қалай өсіруге болады?

Жауап: эквайринг арқылы. Оны мен шығындарды азайтып, ыңғайлы есептеп, жаңа клиенттерді   тартасыз. Бір қарағанда: термин жаңа және түсініксіз. Бірақ мұнда бәрі жеңіл. 

Эквайринг деген не?

Эквайринг – банктік карталар мен байланыссыз төлем жүйелерін пайдалану. Және төлемдерді қолма-қол ақшасыз қабылдау технологиясы.
Эквайринг кез-келген бизнеске – бөлшек сауда нүктелеріне де, интернет-дүкенге де керек.

Эквайринг түрлері:

Интернет-дүкенге интернет-эквайринг, бөлшек сауда нүктесі немесе кафе — сауда эквайрингі, жеткізу қызметі — мобильді эквайринг қажет. Олардың ерекшеліктері:

Сауда эквайрингі. Ол арқылы төлемдерді Visa International, MasterCard Worldwide, UnionPay International халықаралық төлем жүйелерінің карталары арқылы қабылдауға болады.

Интернет-эквайринг – ол арқылы төлемдерді интернет арқылы картамен қабылдауға болады. Онда клиент өз картасының деректерін енгізеді және төлем жасайды.

Мобильді эквайринг – терминал көмегімен, оны бір орыннан екінші орынға ауыстыруға болады. Курьерлер, такси, жылжымалы сауда арқылы жұмыс істеу кезінде қолданылады.

Қалай жұмыс істейді?

Эквайрингте сатушы мен клиенттен басқа эквайер-банк және эмитент-банк қатысады. Эквайер-Банк клиенттерден қаражат түсетін есеп айырысу шотын ұсынады. Өз жұмысы үшін эквайер банк комиссия алады. Эмитент Банк –клиенттерге карталарды ұсынған банк. Мысалы: Jusan картасымен төлейсіз, ал эквайринг арқылы Kaspi банк қызмет көрсетеді.
Қаражатты аудару бірнеше кезеңнен тұрады:
1. Сатып алушы пластикалық картаның пин-кодын енгізеді.
2. Бұл карталар процессингтік банк орталығына жіберіледі. Онда картадағы қаражаттың бары тексеріледі.
3. Егер қаражат жеткілікті болса, есептеледі. Егер жоқ болса, терминал қате жібереді.
4. Терминал сатушы мен сатып алушыға чектер береді.
5. Банк соманы сатушыға аударады және бірден өз комиссиясын алады.

Артықшылықтары:

Жалған ақшадан қорғау. Сатушыға ақшаның түпнұсқалығын тексерудің қажеті жоқ. Барлық есеп айырысулар қолма-қол ақшасыз өтеді.
Жылдам есептеу әдісі. Ақша сатушының шотына бірден емес, бірақ тез түседі.
Клиенттік базаны ұлғайту. Клиенттерге картамен төлеу ыңғайлы. Егер сауда нүктесінде карталармен төлеуге арналған терминал болса, онда клиент көп болады. Сатушыға сенім артады.
Шығындарды қысқарту. Эквайринг инкассация шығындарын азайтуға мүмкіндік береді: қолма — қол ақша аз – оларды банкке тасымалдау керек жоқ. Сондай-ақ, кассирлердің қателіктеріне байланысты ақшаны жоғалту ықтималдығын азайтады.

Талаптар:

Сатушының бизнесі заңға сәйкес болуы керек. 
  • интернет арқылы алкоголь немесе вейп, авторлық құқықты бұзатын тауарлар және басқаларын сатуға болмайды.
  • қосылу алдында бизнесті тексеруді банк жүргізеді. Әр банк өзінің критерий тізімін белгілей алады. Мысалы, банк жаңа клиенттен қосылатын сауда нүктесінің фотосуреттерін тіркеуді сұрай алады. 

Эквайрингті қалай қосуға болады?

Эквайрингті қосу үшін құжаттарды жинап, шарт жасасу қажет. Әдетте бұл бірнеше күнді алады. Эквайрингті ұйымдар мен ИП қоса алады. Бірақ өзін-өзі жұмыспен қамтығандар ИП-сіз жұмыс істей алмайды, өйткені өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға банк есеп шотын ашады.

Made on
Tilda