Payda хабары

Қалай сақтандыру зейнетақысыз қалмауға болады?

Сұрақ: Жалақым қара. Ақша картаға аударылады немесе қолма-қол беріледі. Еңбек шарты болған жоқ. Бірақ аздап қорқамын. Бұл заңды емес сияқты. Мен үшін қандай қауіп бар?

Қара жалақы деген не?

Қазақстанда екі нұсқа бар: қара және сұр.
  • "Қара" нұсқада - барлық сома қолма-қол ақшамен төленеді, ешкім салық туралы ойламайды. Жұмыс беруші мен қызметкер арасында келісім бар. Мұның бәрі құпия болады.
  • Сұр жалақы - жалақының екі түрін алған кезде: ақ – еңбек шартымен, ал қалғаны – бейресми түрде конвертте. Мысалы, шартта 50 мың теңге жалақы жазылған. Бірақ іс жүзінде орташа статистикалық – 150 000-170 000 тг алады.

Қызмтеткер үшін қауіп

Әлеуметтік кепілдіктер. Сақтандыру зейнетақысы болмайды. Сонымен қоса, еңбек өтілі де жоқ. Ең төменгі стажсыз сақтандыру зейнетақысын ала алмайсыз. Мемлекет сіздің өмір сүруіңізге әлеуметтік зейнетақы төлейді.

Ауру кезінде төлемақы берілмейді. Өйткені жұмыс беруші тек әлеуметтік жарна төлейтіндерге төлейді. Қалғаны өз есебінен ауырады. Декреттік төлем әйелдерге де берілмейді.  

Несие мен ипотека жоқ. Банк Сізге үлкен несие бермейді. Ресми кірісті растамай ипотека ала алмайсыз.

Ақшасыз қалу. Жұмыс тұрақсыз. Келісім-шарт, дәлелдер жоқ. Заңды түрде басшы ештеңе қарыз емес: жұмыстан босату туралы ескертуге не өтемақы төлеуге.

Салықтан айыппұл. Қылмысқа қатысыңыз бар. Салықты бастық төлейді. Бірақ ИПН салық төлеуші - қызметкер. Жалақының бейресми бөлігін алған кезде сіз заңды бұзасыз. Сотта кінәсіздікті де дәлелдей алмайсыз.

Сұр ақша. Мүмкін: конверттегі ақша - заңсыз әрекет жарнамасынан алынған ақша ма? Ақшаны қайдан алатынын білмейсіз ғой.

Егер салық испекциясы білсе
Риза емес қызметкер шағымы, бизнес бойынша бәсекелес ақпараты, салық инспекторы күдігі себеп болады.

Салық сізді жеке тексере алады. Оған көлік, пәтер немесе жер сатып алғандығы туралы ақпарат келеді. Салық инспекторы ақша қайдан келіп жатқанын білу үшін банкке сұрау жібереді. Әрі қарай сіздің картаңызды зерттейді. Сол кезде жұмыс берушіден келген тұрақты төлемді көреді.

Сонымен қатар, жалпыға бірдей декларациялау туралы ұмытпау керек, онда барлық жеке тұлғалар өздерінің кірістерін, мүліктері мен жинақтарын көрсетуі керек. 
 
Жалпыға бірдей декларациялау дегеніміз не?
 
Жалпыға бірдей декларациялауға көшудің мақсаты көлеңкелі экономика және сыбайлас жемқорлық көріністерімен күресу үшін жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін бақылау.

Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялау төрт кезеңде енгізіледі.

Жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңі 2021 жылдың 1 қаңтарында басталды. Бұл кезеңде мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайлары, оларға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары қамтылатын болады.

Екінші кезең 2023 жылғы 1 қаңтардан басталады, мемлекеттік кәсіпорындар мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері мен олардың жұбайлары үшін бастапқы декларациялау көзделген.

Үшінші кезең 2024 жылғы 1 қаңтардан басталады - декларациялау заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайлары, жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары қамтылады.

Төртінші кезең 2025 жылғы 1 қаңтардан басталады - халықтың қалған санаттары үшін жалпыға бірдей декларациялауға толық көшу.
Made on
Tilda