Payda хабары

Айыппұл: инста-магазиндер соммасынан 150%

Гуанчжоу, Түркия, Бішкек... Осы сөздерден кейін бірден онлайн-сауданы елестетеміз. Өйткені қазір барлығы үшін тиімді. Бұл жол арқылы: 
  • Уақытты үнемдейміз; 
  • Өзіміз үшін пайдалы және қажетті нәрсені табамыз;
  • Кең ассортиментті көреміз;
  • Егер зат не киім болса, онда модельде көру мүмкіндігі;
  • Бір рет басу арқылы сатып аламыз.
Қазіргі уақытта Instagram дүкендері Қазақстан нарығында танымал. Олардың екі түрі бар: 
  • бұл ірі жеткізушілерден тауарларды дропшиппинг – қайта сату түрі. Дропшиппер делдал ретінде әрекет етеді. Сонымен қатар, олар сауда алаңдары мен қоймаларды жалдамайды, сауда бағаларын қалауынша белгілей алады. Әдетте олар тауарлардың өзіндік құнына жақын, өйткені дүкенді жалға алу шығындарын қамтымайды;
  • нақты офлайн дүкендерге арналған сату арнасы.
Бәрі – ыңғайлы, қарапайым әрі тез. Бірақ бұл жерде бір басты мәселе бар. 
Инста не онлайн-дүкендер ИП ретінде тіркелу керек пе?
Біздің жауабымыз – міндетті түрде.
Тауарларды кез келген форматта сату – бұл кәсіпкерліктің бір түрі. Ол заң бойынша тіркелуі керек. Өйткені, сізде тұрақты пайда белгілері бар.
Қазақстанда «салық салу объектілерін жасырғаны үшін» айыппұл салық және басқа да міндетті төлемдер сомасының 150 пайызын құрайды. Салық қызметі бұл айыппұлды кез келген уақытта қоя алады. Өйткені қазір интернетте және әлеуметтік желілерде осындай құқық бұзушыларды анықтауда белсенді жұмыс жүргізілуде. Сондықтан Paydaмен бірге байланыста әрі сақтықта болыңыз. 
Шешім:
Жеңілдетілген түрдегі ИП ашу Сіз үшін ең дұрыс шешім болады. Сондай-ақ, мемлекеттің кәсіпкерлерге қолдау көрсететінін ескеру керек. Елде микро және шағын бизнес үшін табыс салығына 3 жылдық мораторий қабылданды. Кәсіпкерге тек ақы мына салықтарды төлеу керек:
  • Табыстан 3% (1,5% табыс салығы (ИПН) және өзі үшін 1,5% әлеуметтік салық);
  • Өз жалақысының 10% - өзі үшін ОПВ;
  • Өз жалақысының 3,5% – өзі үшін әлеуметтік төлем;
  • 1,4 АЕМ-нен 5% (яғни сомасы 2 975 тг. 2021 ж.) - ВОСМС.
Сонымен қоса жеңілдетілген режимдегі ИП қызметкерлері үшін әлеуметтік салық төлемейді.
Әрі қарай сізде онлайн-касса болуы керек. Бұл туралы біз келесі мақалада айтамыз. Оның да заңмен байланысы бар. 
ИП-сы бар интернет-дүкен үшін бірқатар артықшылықтар бар:
1. Барлық жеткізушілер сізбен жұмыс істейді – клиенттерге кең ассортимент пен қолайлы бағаларды ұсынасыз. 
2. Яндекс.Маркет сияқты көптеген ірі баға агрегаторларын қосуға болады. ИП-сіз қабылдамайды. 
3. ИП іс жүзінде кез келген төлем жүйесін қосуға, заңды тұлғалармен жұмыс істеуге (шот ұсыну) мүмкіндік береді. Мысалы, Сайтта төлем жасау үшін Яндекс.Касса, Robokassa және басқа да жүйелерді қосуға болады.
4. ИП болуы логистика үшін кең мүмкіндіктер береді. Яғни, курьерлік және көлік компанияларының көбі сізбен жұмыс істейтін болады.
5. Әрине, жан тыныштығы. Салық төлеңіз де тыныш ұйықтаңыз!
Сізге пайдалы болды ма? Интернет-дүкені бар достарыңызға жіберіңіз. Пайдамен бөлісіңіз. Бухгалтерия сұрақтары бойынша бізден кеңес ала аласыз. Ол үшін сайтта өтінім қалдырыңыз. 
Қамқорлықпен жеке Payda есепшіңіз!

Made on
Tilda