Payda хабары

ДЕКРЕТКЕ дейін МИЛЛИОН қалай алуға болады?

Демалыс түрлері: 
Еңбек Кодексінің 99 бабына сәйкес, жүкті әйелдерге, бала туған не асырап алған асырап алған әйелдерге (еркектерге) мынадай демалыстар беріледі:
  1. жүктілікке және босануға байланысты демалыс.
  2. жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған жұмыскерлерге демалыс.
  3. бала үш жасқа толғанға дейін жалақы сақталмайтын демалыс.
Кодекстің 99 бабына сәйкес, жүктілікке және босануға байланысты демалыс ұзақтығы 126 күнді құрайды (босануға дейін 70 күн және босанғаннан кейін 56 күн). Қиын босанған, екі немесе одан көп бала туған жағдайда – 70 күн демалыс беріледі. Жұмысқа жаңа орналассаңыз да, сіз тиесілі демалыс ала аласыз.
Бала 3 жасқа толғанша күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс берілуі мүмкін. Бұл демалысты баланың анасы немесе әкесі ала алады. Бала ата-ананың қамқорлығынсыз қалса, жақын туысына беріледі.
Бұл демалыста жұмыстан айрылып қаламын деп қорықпасаңыз болады. ҚР Еңбек Кодексінің 59-бабына сәйкес, жұмыс беруші жұмысшы әйелді жүктілік және босану бойынша демалысқа байланысты жұмыстан шығара алмайды. Демалыста болған уақыт еңбек өтілі ретінде есептеледі.
Енді негізгі сұраққа көшсек:
1 124 550 теңге – бұл сомаға әйел жынысының әрбір өкілі лайық. Оны алу үшін де күш жұмсау керек.
Егер сіз жеке кәсіпкер әйел болсаңыз және декретке шығуды жоспарласаңыз, онда барлық қадамдарыңызды алдын-ала ойластыруыңыз керек. Нәтижесінде: 
- сіз өзіңізге декреттік төлемдердің заң бойынша мүмкін болатын ең жоғары сомасымен қамтамасыз етілесіз. 
Жеңілдетілген түрдегі әйел-ЖК төлемдерінің сомасын есептеу кезінде үш басты критерий назарға алынады: 
- СО аудару: 10 413 теңге;
- ОПВ аудару: өз жалақысының 10% ;
- ОСМС аудару: 2975 теңге.
Нәтижесінде әрбір ай үшін 43 138 теңгені енгізуіңіз керек. Анығырақ айтсақ, сіз декретке шыққанға дейін соңғы он екі айда үзбей бұл соммаларды төлейсіз. Сонда жүктілікті жоспарлауға дейін – бес ай, ал декретке шыққанға дейін – жеті ай болады. 
Постты оқи отыра «Босанудан бірнеше ай бұрын ғана салық төлеуге бола ма?» деп ойлануыңыз мүмкін. Бұл сұраққа біздің жауабымыз бар: «Иә, болады. Бірақ бұл сома, тиісінше, миллионнан аз болады». 
1 ай
93 713 тенге
3 ай
281 139 тенге
6 ай 
562 278 тенге

Енді ең маңызды мәселе туралы сөйлессек: сіздің табысыңыздың сомасы 300 мың теңгеден төмен болмауы тиіс. 
Егер сіз біз атап өткен барлық критерийлерге сәйкес келсеңіз, онда сіздің алдыңызда жасыл түс жанып тұр. Ең бастысы, біз айтқан лайфхактарды ұмытпаңыз. Постты өзіңізге сақтап, достарыңызбен және туыстарыңызбен бөлісіңіз. Өйткені бұл барлық болашақ аналарға қатысты. 
Егер сұрақтарыңыз болса, оларды комментарийлерде сұрай аласыз. Біз сізді жауапсыз қалдырмаймыз. 
Сіздің пайдаңыз үшін Сіздің жеке Payda бухгалтерлік қызметіңіз!

Made on
Tilda