Payda хабары

Мобильді аударымдар енді қатаң бақылауда

Қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиев жеке аударым арқылы клиенттерден ақша алатын сатушыларды қалай тексеретінін айтты: 

Мысалы, әр түрлі көздерден бір күн ішінде адам ақша алса, қиындық туғызады. Бұл бірнеше күн, айлар бойы жалғасады. ...салық органдары назар аударып, осы жеке тұлғамен одан әрі жұмыс істеуге тиіс. 

Бірақ тексерістен кейін қатардағы қазақстандықтар күдікке іліне ме? Мысалы, туған күн не үйлену тойына Kaspi арқылы ақша аударымы жасалса. 

  • жиі аударымдар назар аудартады. ал туған күндер күнде болмайды. сондықтан алаңдамаңыз. 

Егер жасырылған табыс анықталса, ИП үшін қандай жаза болмақ? 

  • есепке уақтылы қойылмағаны үшін әкімшілік айыппұлдар. 
  • тексерілмеген чектер үшін әкімшілік жауапкершілік. 
  • бірінші рет ескерту, екінші рет айыппұл.

Мобильді аударымдар туралы: 
Түзетулер кәсіпкерлерді бизнесті жүргізуге арнайы жеке шоттарды пайдалануға міндеттейді. Кәсіпкерлер бизнеске арнап жеке шот ашуға міндеттеледі. Клиенттер де алған тауардың немесе көрсетілген қызмет ақысын төлегенде, ақшаны осы шотқа аударады. Банктер тиісті мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына береді. Түзетулер әлі күшіне енген жоқ.
Мысалы, тауарлар мен қызмет көрсету үшін ақы қабылдауға Kaspi Pay мобильді қосымшасы мен Kaspi QR арқылы қазір де жасауға болады. 
Бұдан бөлек, заңға сәйкес, ИП онлайн-бақылау-касса машиналарын қолдануы керек.

Made on
Tilda